2024 ж 22 мамыр күні Балаларға арналған өнер мектебінің есеп беру концерті өтті. Алдымен бүгінгі қорытынды кешті тамашалауға келген баршаңызға мектеп ұжымы атынан өз ризашығымызды білдіреміз. Биылғы оқу жылы біз үшін нәтижелі болды деп айтуға толықтай негіз бар. Оған себеп, оқушыларымыз бірнеше әр түрлі деңгейдегі өнер бәйгелерінен оза шауып, жеңімпаз бен жүлдегерлер қатарынан көрініп, мектебіміздің мерейін асырды. Түлектеріміз осы жыл бойына алған білімдерін болашақта орайлы пайдаға асырып, халқымыздың рухани қазынасының, өнерінің дамуына өзіндік үлестерін қосатындарына сенім білдіреміз.