22 Наурыз - көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басталуы, жаңа өмір .
Біздің мектепте Наурыз мерекесін мерекелеу құрметіне «Бауырсақ - Party» іс - шарасы өтті. Балалар, ата - аналар мен оқытушылар белсенді қатысты. Бауырсақтардың көптеген түрлері болды және олардың әрқайсысы өзінің ерекше дәмімен таң қалдырды . Сондай - ақ, апта ішінде “Бұрымды қыз” шәш өру және суреттер сайыстары өтті, іс - шарада жеңімпаздар мен оқушылар марапатталды. Іс - шара соңында барлық балалар бір - біріне жақсы көңіл сыйлады.