Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс - тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы – ән мен күйі. Халқымыз ән мен күйі аясында өмір сүріп келеді. «Қазақ – нағыз қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра» - деп, өлеңдеріне жыр кіргізген, ұлы ақынымыз Қадыр Мырзалиев нағыз қазақ екендігін түсіндіреді. 2023 жылғы 15 қыркүйекте Қарасу Балалар өнер мектебінің «Самға» атты ұлттық аспаптар ансамбілі, "Ыбрай Алтынсарин атындағы мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектебі" КММ білім алушыларына үгіт-насихатау жұмыстарын жүргізді.Оқушылар Құрманғазы атамыздың «Адай», «Кішкентай», «Балбырауын», «Саранжап» күйлерін тындап жақсы әсерде қалды.
Мектептегі және қосымша білім берудің интеграциясы баланың жеке дамуына негіз құра отырып, оқушының ақыл-ой қабілеттері мен оның шығармашылық қызығушылықтарын біріктіруге көмектеседі. Мектеп адамға болашақ кәсібіне және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан ересек өмірде пайдалы болатын негізгі білім береді.