11 сәуір күні балаларға арналған өнер мектебінің қабырғасында “Музыкалық кеш. Қостанай композиторларының өмірі мен шығармашылығы” атты іс - шара өткізілді. Балалар Дерипсалдин Жарқынбек Есенұлы мен Сотник Петр Ивановичтің өмірбаянымен танысты. Оқушылар композиторлардың музыкасын тыңдап қана қоймай, композиторлардың өмірі мен шығармашылығынан қызықты баяндалған фактілердің арқасында өз білімдерін байытты. Жүргізушінің әңгімесі композитордың фотосуреттерімен, авторлардың өздері орындаған шығармаларының бейнежазбаларымен сүйемелденді. Іс - шара викторинамен аяқталды. Музыкалық кеш жылы және достық жағдайда өтті.