2023 жылдың 11 қазанында "Люблин жалпы білім беретін мектебі" КММ - де Балалар өнер мектебінің оқытушылары мен білім алушылары ұйымдастырған "ТӨРТ ТОКСАН – ТӨРТ ӨНЕР" ұлттық мәдени - ағарту жобасы аясында "Ақындар айтысы" көшпелі концерті өтті. Іс - шарамыздың негізгі мақсаты оқушыларды "Төрт токсан төрт өнер" ұлттық мәдени - ағарту жобасымен таныстыру болды, онда балаларға айтыс ән байқауы туралы айтылды. Концертті қазақ биімен "Sandi dance"би ұжымы ашты. Жүргізушілер оқушыларға айтыс, оның шығу тегі, түрлері туралы айтып берді. Оқытушылар айтысты орындау техникасын көрсетті. Домбыраның сүйемелдеуімен "Меркі" әні, "Адай" күйі Құрмағазы шырқалды. "Самға" ансамблі "Балбруын", "Саранжап" Құрманғазы, Әділ Бестыбаев "Балқыбайдың әуені"күйлерін орындады. Люблин жалпы білім беретін мектебінің әкімшілігі өз кезегінде әртістерге алған ләззаты, жағымды эмоциялар үшін үлкен алғысын білдірді.