Қарасу аудандық Балалар өнер мектебінің парақшасына қош келдіңіз!
Кіру
AA+
«Балалар өнер мектебі»
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімі» КМҚК
Қарасу аудандық Балалар өнер мектебінің парақшасына қош келдіңіз!
«Балалар өнер мектебі»
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімі» КМҚК
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/karasu-roo.edu.kz/karasudshi.edugov.kz/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
Таныс болайық! Байланыста Қарасу ауданының балалар өнер мектебі. Біздің мектеп әр түрлі жастағы балалар үшін ашық. Мектепте 5 бағыт жұмыс істейді, атап айтқанда: музыкалық бөлім - аспаптық орындау, вокалдық, хореографиялық, көркемөнер және сәндік-қолданбалы өнер бөлімі. Бүгінгі таңда өнер мектебіне 500-ден астам оқушы қатысады. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Ұйымда 27 педагог қызметін жүзеге асырады БӨМ мұғалімдерінің басты міндеті-баланың барлық талантын ашу. Сондықтан, қажетті білім беру курсынан басқа, балалар мектептің шығармашылық өміріне белсенді қатысады. Және ол өте бай. Өнер мектебіндегі оқу процесі көрмелермен, концерттермен, байқаулармен тығыз байланысты; жеке қойылымдармен қатар балалар әртүрлі шығармашылық топтарға қатысады. 
Мәселен, "Sandi dance" би ұжымы "Армандастар" хореографиялық байқауының аудандық кезеңінде 1 орынды иеленді, Туретаева Жанель аудандық "Алтын қазына"сәндік-қолданбалы шығармашылық байқауында 1 орын алды, "KOSTANAY MUSIC GAMES" "Ансамбль" номинациясы бойынша халық аспаптарын орындаушылардың республикалық байқауында 1 орынды Ж. К. Нұртазиннің жетекшілігімен Жұбай Жазира, Қайнеш Аяулым, Сандыбек Дарина , Данкенова Анель және Ерболат Нұрсұлтан иеленді. "KOSTANAY MUSIC START" VIII Республикалық Жас музыканттар мен дебютанттар байқауында вокал номинациясында "Мажорчики" вокалдық тобы 2 орын алды. 
"KOSTANAY MUSIC GAMES" республикалық музыкалық өнер байқауында "Фортепиано соло" номинациясы бойынша Шапель Сара, Шеремет В. В. жетекшілігімен 3 орын алды. Қорытындылай келе, Қарасу балалар өнер мектебі мұғалімдер мен олардың тәрбиеленушілерінің, сөзсіз ата – аналардың жемісті еңбегі деп айтуға болады. Себебі, біздің қарым-қатынасымыз өзара сыйластық, ізгі ниет пен ынтымақтастық негізінде қалыптасады.